Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда өртенген "Ақкент" үйінің тұрғындары пәтеріне қашан оралады

Алматыда өртенген "Ақкент" үйінің тұрғындары пәтеріне қашан оралады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2023 14:07 Сурет: Zakon.kz
Қала билігі құрылыс салушымен бірге "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өртенген пәтерлердің иелеріне баспанасын қалпына келтіруге көмектеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"1 тамызда өрт кезінде зардап шеккен "Ақкент" ТК тұрғындары өрттің салдарын жою үшін қажет көмек алады. Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша тұрғын үй кешенін салушы – "Ayt housing Complex" ЖШС-мен келіссөздер жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша шешімдер қабылданды", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Оның қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

  • 2 қыркүйекке дейін "Ақкент" ТК пәтерлерінде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру;
  • құрылыс салушының қаржысы есебінен кіреберіс алаңдарына жөндеу жүргізу;
  • құрылыс салушының қаржысы есебінен есіктер мен терезелерді ауыстыруға, құтқару операциясы барысында тартылған балкондарды жөндеуге жұмсалатын шығынды өтеу;
  • пәтерлерде әрлеу жүргізу (левкас/қабырғаларды, төбелерді бояу (жөндеуден кейінгі жұмыстарды тұрғындар өздері жүргізеді);
  • барлық жұмысты аяқтап, пәтерлерге 20 қыркүйектен кешіктірмей кіруге рұқсат беру;
  • пәтерлерді қалпына келтіру кезеңінде тұрғындарға уақытша тұруға қатысты шығынды өтеу немесе ТЖ желісі бойынша шаралар аясында тұрғын үй беру;
  • Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендерге денсаулықты қалпына келтіру бойынша, оның ішінде тегін медицина көмегінің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (мамандандырылған емдеу, емдеуге жатқызу) шеңберінде медицина көмегін көрсету;

Еске салайық, құрылысты салушы "Ayt housing Complex" ЖШС-нен өрт кезінде қаза тапқан жанның отбасына өтеусіз негізде екі бөлмелі пәтер берілмек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: