Фейк ақпарат. Ерұлан Жамаубаевты ешкім сотқа бергелі жатқан жоқ
Сурет: freepik
Желіде "Қазақстан банкі тікелей эфирде айтқан сөзі үшін Ерұлан Жамаубаевты сотқа береді" деген тақырыпта мақаласы бар сайттың скриншоты пайда болды. Онда ҚР Премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрінің "Qazaqstan" телеарнасына берген сұқбаты жайлы айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұл - фейк. Мақала мәтіні толығымен ойдан шығарылған. Тікелей эфир кезінде мақалада айтылған жағдайлар болмаған. Бұл бағдарламаның түпнұсқа жазбасы "Qazaqstan" телеарнасының youtube парақшасында бар", деп хабарлайды Stopfake.kz.
Оның үстіне мақала бөгде сайтта орналастырылған, бірақ дизайны жағынан nur.kz порталына ұсқайды, онда 2023 жылғы 17 ақпанда тікелей эфирде өткен бағдарламадан суреттер ұсынылған.
"Сонымен қатар, толығымен ойдан шығарылған сұқбат мәтінінде криптовалюта нарығында сауда жасауға арналған бот жарнамаланған", делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript