13 қазан күнгі саудада доллар бағамы көтерілді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,13 теңгеге қымбаттап, 476,98 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 65,27 теңге (+0,10) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 505,18 теңге, рубльді 4,91 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 477,1-479,3 теңге, еуро 502,5-505,5 теңге, ресей рублі 4,81-4,97 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 13 қазандағы саудада әлемдік мұнай бағасы күрт көтерілді.
ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің құны 2,52%-ға өсіп, барреліне 88,17 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қарашадағы фьючерстері 2,69%-ға қымбаттап, барреліне 85,14 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript