Жалпы бюджеттің 30%-дан астамы өңірлерге бөлінді

Жалпы бюджеттің 30%-дан астамы өңірлерге бөлінді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2023 18:51 Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс жаңа үш жылдық бюджетті қабылдады. Бүгін мәжілістің жалпы отырысындағы республикалық бюджет жобасын талқылау барысында осы туралы айтылды.

Заң жобалары президент тапсырмаларын орындауға, өңірлерді дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл жөнінде Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов баяндама жасады.

Мархабат Жайымбетов қосымша баяндамасында мәжіліс депутаттарының тікелей араласуымен бюджеттегі 2,5 трлн теңгеге жуық қаражат министрліктер, әкімдіктер арасында маңызына қарай қайта бөлінгенін атап өтті. Сонымен қатар кіріс – 16,3 трлн теңге болса, шығыс – 24 трлн теңге шамасында екенін айтты. Бюджет шығыстарын Ұлттық қордан 3,6 трлн теңге көлемінде трансферттер есебінен жабу үрдісі жалғасып келеді.

Депутаттар Ұлттық қордан 2024-2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт пен 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдап, сенаттың қарауына жолдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: