Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық валюта күні қарсаңындағы саудада теңге нығая түсті

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2023 16:41 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, сағат 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,21 теңгеге төмендеп, 463,65 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 63,53 теңге (-0,23) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 497,99 теңге деп, рубль бағамын 5,06 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 465,7-468,1 теңге, еуро 495,5-498,5 теңге, ресей рублі 4,95-5,1 теңге аралығында саудаланып жатыр.

13 қарашадағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің бағасы 0,45%-ға өсіп, барреліне 82,89 доллар болды.

WTI маркалы мұнайдың желтоқсан фьючерстерінің бағасы барреліне 78,56 долларға дейін 0,38%-ға қымбаттады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: