15 қарашадағы саудада теңге нығая түсті

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2023 15:33 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,10 теңгеге төмендеп, 461,53 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 63,68 теңге (+0,14) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 496,75 теңге деп, рубль бағамын 5,07 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 464,1-466,3 теңге, еуро 499,5-503 теңге, ресей рублі 5,01-5,17 теңге аралығында сатып алынып/сатылып жатыр.

15 қарашадағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы көтеріліп жатыр.

Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнай баррелінің құны 0,38 долларға өсіп, 82,85 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнай 0,33 долларға қымбаттап, 78,59 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: