Биыл мемлекеттік бюджеттен 91 млрд теңге игерілмеді

Биыл мемлекеттік бюджеттен 91 млрд теңге игерілмеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2023 10:23 Сурет: Zakon.kz
Мемлекеттік бюджеттің шығысы 98,2%, республикалық бюджеттің шығысы 99,4%, жергілікті бюджеттердің шығысы 97,2% орындалды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 18 трлн теңгеге шығыс жүргізілді.

Оның ішінде атқарылмағаны – 107 млрд теңге болды. Оның ішінде үнемдеу – 16 млрд теңге. Игерілмегені – 91 млрд теңге.

Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары ішкі істер, мәдениет және ақпарат; су ресурстары және ирригация; экология және табиғи ресурстар министрліктерінде қалыптасты.


"Игерілмеудің негізгі себебі: конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу; өнім берушілердің тауарларды жеткізбеуі; бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамауы; шот-фактуралар, атқарылған жұмыс актілерінің уақытылы ұсынылмауы; төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілген; министрліктердің қайта ұйымдастырылуына байланысты", - деді Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: