20 қарашадағы саудада доллар сәл арзандады
Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,27 теңгеге төмендеп, 462,56 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 64,39 теңге (+0,67) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 502,17 теңге, рубльді 5,2 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 463,3-465,5 теңгеге, еуро 502,5-507 теңгеге, ресей рублі 5,11-5,27 теңгеге саудаланып жатыр.
20 қарашадағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны барреліне 81,20 долларға дейін 0,73%-ға өсті.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері барреліне 0,78%-ға өсіп, 76,63 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript