30 қарашадағы саудада доллар арзандады

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2023 15:59 Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,98 теңгеге төмендеп, 458,04 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы аздап төмендеп, 64,40 теңге (-0,12) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 503,77 теңге, рубльді 5,16 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 458,3-460,5 теңге, еуро 499,5-503,5 теңге, ресей рублі 5,05-5,19 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 30 қарашадағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,25%-ға өсіп, барреліне 83,35 доллар болды.

Ал АҚШ-тың West Texas Intermediate шикі мұнайының фьючерстері барреліне 0,2%-ға өсіп, 77,98 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: