21 қарашадағы саудада доллар арзандады

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2023 15:27 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,51 теңгеге төмендеп, 459,04 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 64,37 теңге (-0,01) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 505,81 теңге, рубльді 5,24 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 460,5-462,7 теңге, еуро 500-503 теңге, ресей рублі 5,11-5,25 теңге аралығында сатып алынып/сатылып жатыр.
Ал 21 қарашадағы саудада әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Сонымен Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны ICE Futures электрондық саудасында 0,69%-ға арзандап, барреліне 81,75 доллар болды.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстері 0,68%-ға төмендеп, барреліне 77,30 доллар болды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: