Жаңалықтар тізбегі
0

Ләззат Ибрагимова: Отбасы банк клиенттері төлемдерін кешіктірмейді

Ләззат Ибрагимова, Отбасы банк клиенттері төлемдерін кешіктірмейді Сурет: Отбасы банк
Отбасы банк 2023 жылдың жұмыс нәтижелерін бөлісті.

Қоғамдық кеңес отырысында Отбасы банк Басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова қаржы мекемесінің 2023 жыл аясында атқарған жұмыстарына есеп берді. Бүгінде банк капитал жеткіліктілігі бойынша үздік үштікке кіреді, банктік секторда уақтылы төленбеген төлемдер жағынан да ең төмен деңгейге ие. Толығырақ Zakon.kz материалында.

Отбасы банктің Қоғамдық кеңесінің құрамында "Бақытты шанырақ" қорының өкілдері, риэлторлар, стратегиялық коммуникациялар саласының сарапшылары, журналистер, блогерлер, қоғам қайраткерлері бар. Сондай-ақ отырысқа сарапшы ретінде белсенді, "Не молчи, сирота" қоғамдық қорының бірінші басшысы Руслан Тұрысбеков шақырылып, Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына жетім балаларды қосу мәселесі талқыланды.

Банк Басқармасының төрағасы жыл өткен сайын тұрғын үй кезегінде тұрғандардың саны артып, мемлекеттік бағдарламалардың талаптары өзгеріп, жаңа жобалар енгізіліп жатқандықтан, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуде ашық жұмыс істеу үшін Банк Қоғамдық кеңес мүшелерімен, белсенділермен тығыз байланыста жұмыс істеуге мүдделі екенін білдірді.

Биылғы жылы Отбасы банкте несиелеу айтарлықтай белсенді болды - 1 желтоқсанға дейін 58 мыңға жуық заем берілген. Бұл сан жылдың аяғына дейін шамамен 70 мың займға дейін өседі –деген жоспар бар. Алайда бұл көрсеткіш 2021, 2022 жылдармен салыстырғанда 10-12%-ға төмен екен. Несиелердің жалпы сомасы 874 млрд тенгені құрайды, басқаша айтқанда өткен жылмен салыстырғанда 20-25%-ға төмен.

"Бұл біздің жинақтау мәдениетін қалыптастыру ұмтылысымен байланысты. Қолжетімді заем алу үшін, ақша жинау керек. Бұрынғыдай салымшы соманың жартысын әкеліп, келесі күні ипотекалық несие ала алмайды. Ендігі жерде бұл ақша белгілі бір аралықта депозитте сақталып, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне жұмыс істеуі керек. Негізі Отбасы банкте ақша жинақтап жатқан адамдардың көпшілігі бұл шарттармен таныс болғандықтан, аталмыш өзгеріске оң көзқараспен қарады", - дейді Ләззат Ибрагимова

Өтімділік коэффициенті мен капитал жеткіліктілігі бойынша Отбасы банк барлық банктердің арасында бірінші үштікте кіреді. Осылайша, Ләззат Ибрагимова бұл коэффициенттер ҚР Ұлттық банк нормативтерінен бірнеше есе асып түсетінін алға тартты.

"Біздің негізгі айырмашылығымыз –кешіктірілген төлемдер деңгейінің төмендігі. Банк секторында уақ¬тылы төленбеген қайтарымсыз қарыз¬дар көлемі бойынша ең төмен көр¬сет¬кішке иеміз. Біздің NPL (мерзімі 90 күн¬нен асқан қарыздар) 0,09%-ға тең. Банктік секторде ол қазір орташа алғанда – 3,29%, демек біздің көрсеткіш нақты 30 есе төмен. Екінші айырмашылық – ол банк активтеріндегі кредиттік портфельдің үлесі. Қазір екінші деңгейлі банктерге қатысты сын өте көп, себебі олар экономиканы өте бәсең несиелеп жатыр, есесіне тек тұтынушылық несиелеу мен жеке тұлғаларды несиелендіру ғана өсіп жатыр. Осы орайда бизнесті несиелеу қатты құлдырады. Бүгінде біз активтерінің 85%-ы – несиелер ретінде берілген жалғыз банкпіз. Жалпы алғанда банктік жүйеде бұл көрсеткіш 50%-ға тең. Алайда нарықта өтімділік көп және несие аз болып тұрған жағдайда бұл жақсы көреткіш емес", - дейді Ләззат Ибрагимова

Бұдан басқа, Отбасы банк активтер көлемі бойынша 4 орында – 3,8 трлн теңге және жеке капиталы - 572 млрд теңге. Банктің таза табысы 139 млрд теңгені құрайды.

Ипотека бойынша жағдай

Ипотекалық нарыққа келетін болсақ, 2023 жыл айтарлықтай өзгерістер әкелген жоқ. Банктің елдің ипотекалық портфеліндегі үлесі 56%-ды құрады.

Адам басына шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішінде де түбегейлі өзгеріс жоқ. Коэффициент 23,4-ті құрады, бұл демографияның жоғары деңгейімен байланысты.

"Биыл Қазақстанда 20 миллионшы болып, бес қазақстандық сәби дүниеге келді. Отбасы банктің атынан біз олардың әрқайсысы депозит ашу үшін 2 млн теңге салынған сертификат сыйладық", - дейді Ләззат Ибрагимова

"Биыл барлығы 130 мың пәтер салынды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда аз. Мұндай жағдай Алматы мен Астана қалаларында инфрақұрылым талаптарының күшейіп, сондай-ақ заңсыз құрылысты бақылауды қатаңдатуға байланысты қалыптасып отыр" -дейді банк басшысы.

Тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесіндегі қатысушылар үлесі 25%-ды құрады. Бұл еліміздегі әрбір төртінші ересек адам (экономикалы белсенді 10 млн халық ішінде) Отбасы банктің клиенті болып табылатындығын көрсетеді.

Жаңа жобалар

Сондай-ақ, 2023 жылы банк бірнеше жаңа жобаларды іске қосты. Атап айтқанда, биыл Отбасы банк "Дипломмен - ауылға" бағдарламасының операторы болды.

"Осындай тамаша бағдарламаның аясында біз сенімді агентке айналдық. Бағдарлама қатысушылары 0,01% мөлшерлемесі бойынша несие ала алады (ЖТСМ 0,01%-дан бастап). Іс жүзінде бұл сатып алу мүмкіндігі бар жалға алу. Ол қатаң түрде тек ауылға көшкен мамандарға ғана беріледі. Көбінесе бұл – мұғалімдер, дәрігерлер, ауыл шаруашылығы қызметкерлері, ветеринарлар, зоотехниктер, әкімдік қызметкерлері", -дейді Ляззат Ибрагимова.

Биылғы жылы жоба аясында жалпы көлемі 15,5 млрд теңгеге 3000 заем берілді.

"Сондай-ақ біз "Ұмай" бағдарламасын жалғастырдық. Бұл біздің Азия даму банкімен серіктестік аясындағы арнайы бағдарламамыз. Таяуда біз Тбилисиде 10 қатысушы-ел арасында Қазақстандағы гендерлік теңдікті дамытуға қосқан үлесіміз үшін гендерлік чемпион атағын алдық", -дейді Ләззат Ибрагимова.

Сондай-ақ Отбасы банк елдік тағдыршешті бастамалардың бірі – "Ұлттық қор – балаларға" жобасы оператордарының бірі атанды. Жоба Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысының 50%-ын қазақстандық балалардың мақсатты жинақтаушы шоттарына 18 жасқа толғанға дейін аударып отыруды көздейді. Сома Қазақстанда тұратын және 18-ге толмаған барлық балалар арасында бөлінеді. Ең бірінші қаражат шоттарға 2024 жылдың басында түсе бастайды деп жоспарланған.

"Ең бірінші болып қаражат алушылар шағын сомаға ие болады, бірақ 18 жыл өте келе жинақтау сомасы шамамен 4 мың долларды құрайды. Осы жобаның арқасында бізге бірінші рет білім беру депозиттерімен де айналысуға рұқсат беріліп отыр", - дейді Ләззат Ибрагимова.

Кәмелетттік жасқа жеткенде балалар жинақталған соманы екі мақсатқа қолдана алады: тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе оқу ақысын төлеу. Жобаға сәйкес, тұрғын үйді тек Қазақстан аумағынан ғана сатып алуға мүмкіндік беріледі, ал оқу ақысын Қазақстанда да, шетелдік оқу орындарына да төлеуге болады.

Жинақталған соманы БЖЗҚ-дан таңдалған мақсатқа уәкілетті оператор арқылы аударуға болады.

Жоғарыда атап өткендей, Отбасы банк осынау маңызды әлеуметтік жобаның құзырлы операторларының бірі. Банктің enpf-otbasy.kz платформасы арқылы 2024 жылдың басынан бастап 18 жасқа толған азаматтар шотына салынған қаражатын қолдана алады. Бағдарлама қатысушылары онлайн режимінде өздерінің жинақтарын келесі мақсаттарға бағыттай алады:

- тұрғын үйді жеке қаражатты қолдану мүмкіндігімен сатып алу

- ипотекалық қарызды толық немесе жартылай мерзімінен бұрын өтеу

- ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарнаны беру, оның ішінде жөндеу жүргізу

- Отбасы банкте депозит толтыру

- МББЖЖ (мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі) бағдарламасы аясында депозит толтыру

- Қазақстандағы оқу ақысын төлеу

- Басқа елдердегі оқу ақысын төлеу

- Оқу ақысы несиесін өтеу

"Ұлттық қор-балаларға" арнайы парақшасында бағдарлама бойынша толығырақ ақпарат алуға және оны іске асыру мен шарттары бойынша өзіңізді толғандырған сұрақтарды қоюға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: