Елімізде онлайн ақша аударымдары неліктен тексерілмек
Сурет: Zakon.kz
ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкіметтің YouTube арнасына берген сұхбатында онлайн ақша аударымдары неліктен тексерілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерұлан Жамаубаев "Кәсіпкерлер кірісін жасыру үшін көлеңкелі бизнеске бара ма? Тексеру экономиканың ашықтығына қалай әсер етеді?" деген сұрақтарға жауап берді.
"Бұл жерде нақтылай кететін ең басты нәрсе, елімізде негізінен кәсіпкерлердің басым бөлігі заңды түрде жұмыс істейді. Сондықтан олар көлеңкелі бизнеске барады деп ойламаймыз. Керісінше, біздің мақсатымыз - соларды ынталандыру. "Көлеңкеде" болмай, ашық жұмыс істеуіне жағдай жасау", - деді министр.
Министр шағын және орта бизнеске түсетін салық жүктемесі 1-4% екенін еске салды. Оның айтуынша, бұл көп көрсеткіш емес.
"Сондықтан біз керісінше, кәсіпкерлерді көлеңкелі экономикадан ашықтыққа көшіруге тырысамыз. Олар кез келген ыңғайлы схемаларды пайдаланып, солармен жұмыс істей алады. Ол үшін цифрландыруды енгізіп жатырмыз. Олардың заңды бұзбай жұмыс істеуіне толық мүмкіндік бар".Ерұлан Жамаубаев
Сонымен қатар министр кейінгі 3-4 жылда көлеңкелі бизнес үлесін 27-ден 18,8%-ға дейін қысқартқанын айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript