Tele2 және Altel бәсекелес ортаға беріледі

Ұлттық экономика министрлігі "2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" қаулыға өзгерістер енгізетін үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжат 2024 жылдың соңына дейін "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-ін (Tele2 және Altel) "Қазақтелеком" АҚ-на бәсекелес ортаға беруді қарастырады.
Түсіндірілгендей, компания Қазақстан үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына жаңа жекешелендіру нысаны ретінде енгізіледі.
Құжат 14 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына жарияланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript