Қазақстанда ауылдағы дәрігер пунктерін салуға жеке инвестицияларды жұмсамақ
Осылайша, Мемлекеттік-жеке серіктестік тетігін пайдалана отырып, жеке серіктестің өз қаражатынан дәрігер амбулаториясы, фельдшер-акушерлік пунктер (сатып алу/қайта құру/жөндеу/салу) құру арқылы Ұлттық жобада бекітілген талаптарға сәйкес келетін ұлттық жобаның қосымша нұсқасын енгізу ұсынылады.
Бұған дейін жобадағы осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 217,7 млрд теңге бөлу көзделген еді. Ұлттық жоба ауыл тұрғындарына медицина көмегін көрсету деңгейін көтеру мақсатында қабылданды. Іске асыру мерзімі – 2023-2025 жылдар.
Құжат 28 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына жарияланған.
Бұған дейін Қазақстанда денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленгені хабарланған еді.