Депутаттардың, министрлер мен әкімдердің жалақысын көтеруге мораторий жарияланды
Сурет: ҚР Премьер-министрдің баспасөз қызметі
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыра отырып, депутаттардың, министрлер мен әкімдердің жалақысын көтеруге мораторий жариялау туралы қаулы қабылдады, сондай-ақ "Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" қаулыға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында «ҚР Парламенті депутаттарының, Үкімет мүшелерінің, барлық деңгейдегі әкімдердің еңбегіне ақы төлеуді арттыруға мораторий енгізу туралы» қаулы қабылданды. ҚР Премьер-министрдің баспасөз қызметі
Сонымен қатар 2022 жылғы 1 ақпанда Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулыға өзгерістер енгізілді.
Құжат жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтерді іріктеу критерийлерін бекітуді көздейді. Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жекешелендіру туралы шешімдері мемлекеттік мүлік тізілімінің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің веб-порталдарында жариялауға жатады. ҚР Премьер-министрдің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript