Наурыздың 5-і күні өткен саудада доллар арзандады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,69 теңгеге төмендеп, 450,53 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 62,60 теңгені (-0,13) құрады.
Ұлттық банк еуро бағамын 492,02 теңге, рубльді 4,96 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 450,7-452,7 теңгеге, еуро 487,5-491,5 теңгеге, ресей рублі 4,83-4,95 теңгеге сатылуда.
Ал 5 наурыздағы аукционда әлемдік бағалар төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында мамыр айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,39%-ға арзандап, барреліне 82,48 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 0,52%-ға арзандап, барреліне 78,33 долларды құрады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript