5 қаңтардағы саудада доллар тағы арзандады

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2024 15:48 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,24 теңгеге төмендеп, 453,43 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 63,19 теңгені (-0,62) құрады.

Ұлттық банк еуроның бағамын 500,15 теңге, рубльді 5 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 454,5-457,5 теңгеге, еуро 495,5-499 теңгеге, ресей рублі 4,87-5,03 теңгеге сатылуда.

Ал, 5 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,4%-ға өсіп, барреліне 77,91 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада ақпан айындағы WTI мұнай фьючерстерінің баға белгіленімі 0,6%-ға өсіп, барреліне 72,62 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: