19 қаңтардағы түскі саудада доллар арзандады

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2024 15:47 Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,68 теңгеге төмендеп, 450,04 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 62,36 теңгені (-0,24) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 491,65 теңге, рубльді 5,1 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 451,9-453,9 теңгеге, еуро 493-496 теңгеге, ресей рублі 5,01-5,15 теңгеге сатылуда.

Ал 19 қаңтардағы аукционда әлемдік бағалар төмендеп жатыр.

Осылайша, Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнай баррелі 0,5 долларға арзандап, 79,05 долларды құрады.

Нью-Йорк NYMEX (New York Merchantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бағасы барреліне $0,11 өсіп, $74,19 құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: