Қаржы министрлігі: 500 млрд теңге көлеміндегі бюджет ақшасы тиімсіз игерілген
Бұл туралы ол Үкіметтің өткен жылғы республикалық бюджеттің игерілуі жөніндегі есебі кезінде айтты.
"2023 жылы бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 489 млрд теңгені құрады", – деді Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков.
Оның айтуынша, бұл соманың ішінде 87,2 млрд теңге – 2023 жылы бөлінген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы қалдықтар; 143,2 млрд теңгесі республикалық бюджеттен бөлініп, бірақ пайдаланылмаған нысаналы трансферттер мен бюджеттік несиелер түріндегі игерілмеген бюджет қаражаты; 258,5 млрд теңгесі мемлекеттік аудит пен жүргізілген бақылау қорытындылары кезінде бюджет жүйесі қағидаттарының бұзылуы кезінде анықталған артылған сомалар.
"Бюджет қаражатын тиімді және толық игеру бойынша әкімшілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында шаралар қабылданды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірқатар қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп атап өтті Дәурен Темірбеков.
Бұған дейін Қаржы министрлігі 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанның мемлекеттік қарызының мөлшері 27,2 трлн теңгені немесе ЖІӨ-нің 22,8%-ын құрағанын нақтылады.