Елімізде бюджет қаражатын тиімсіз игергені үшін 73 шенеунік жауапқа тартылған

Бюджет қаражаты, тиімсіз игеру, жауапқа тарту, Қаржы министрлігі, шенеунік, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2025 17:29 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда 2024 жылы тиімсіз игерілген бюджет қаражаты 371 млрд теңгені құрады. Бұл туралы 2025 жылғы 19 мамырда Мәжілісте Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков өткен жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің талқысы барысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 2024 жылы Ұлттық қордың қаражатын басқару тиімділігінде оң өзгерістер болғанын жеткізді.

"Мәселен, Ұлттық қордың активтері өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға ұлғайып, 34,7 трлн теңгені құрады. Кепілдендірілген трансферт 2022 жылғы 4 трлн теңгеден 2024 жылы 2 трлн теңгеге дейін төмендеді. "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша 2024 жылы бір балаға есептелген сома 129 доллар 38 центті құрады. Екі жыл ішінде бағдарлама бойынша ақша аударымы 232 доллар 94 центті құрады", - деді Дәурен Темірбеков.

Оның айтуынша, өткен жылы тиімсіз игерілген бюджет қаражаты 371 млрд теңгені құрады.

"Бюджет қаражатын тиімді және толықққанды игергені үшін әкімшілердің жауапкершілігін арттыру үшін 73 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, оның 67-сі – басшылық лауазымды атқарып жүргендер", - деп атап өтті Дәурен Темірбеков.

Бұған дейін Мәжілісте Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Нұрлан Нұржанов Ұлттық қорға қатысты тәуекелдермен бөліскен болатын. Оның айтуынша, Ұлттық қорға ақша құятын компаниялар саны 8,5 есеге азайған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: