Бюджеттен 500 млрд теңге тиімсіз пайдаланылды: бұл үшін кім жазаланды
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов 5 маусымда мәжілісте республикалық бюджеттен тиімсіз шығындар үшін кім жауапты екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Смайыловтың айтуынша, 2023 жылы тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 489 млрд теңгені құрады.
"2023 жылдың қорытындысы бойынша жоғары аудиторлық палата құқық қорғау органдарына 23 аудит материалын тапсырды. 123 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 32 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Есепті кезеңде 28 млрд теңге қалпына келтіріліп, өтелді", - деді Әлихан Смайылов.
Бұған дейін ол бюджеттік бағдарламаларға жауаптылардан сұраныс қатаң болатынын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript