Жаңалықтар тізбегі
0

Мектептер мен балабақшаларда бюджет қаражатын ұрлаудың кең таралған түрлері белгілі болды

Мемлекет қаражаты, бюджет ақшасын ұрлау, мектептер, балабақшалар, аудит, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2024 18:44 Сурет: Zakon.kz
Қаржы министрлігі жазда тәуекелдерді басқару және қаржылық бақылау жүйесі негізінде жүргізген ішкі мемлекеттік аудит кезінде білім ордаларынан бюджет ақшасын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы министрлігі 26 тамызда жазда жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит кезінде 36 білім беру ұйымында 1 млрд теңгеден астам сомаға ұрлық фактісі тіркелгенін хабарлады. 

Күдікті операцияларды талдау тәсілі олардың ең көп таралған түрін анықтады. Мәселен, қосарлы (екі түрлі) есепке алу мен еңбекақыны асыра бағалау деректері дәлелденді. Атап айтқанда, № 48 Ақтөбе орта мектебінің құжаттарында есепшінің жалақысы жылына 700 мың теңгеден сәл артық болғаны жазылса, іс жүзінде оның картадағы шотына ай сайын шамамен 3-5 млн теңгеге дейін аударылып келген.

Екінші кең таралған алаяқтық – жалған қызметкерлерге ақша аудару. Құжаттар бойынша жалақы бірқатар адамға жіберіледі. Ал шындығында оны басқа тұлғалар кәдеге жаратып отырған. Мысалы, Қарағандының №33 балабақша кешен-мектебінде ондаған қызметкерге қаражат аударылғанымен жымысқы әрекетке сәйкес тиісті ақшаны екі есепші карталарына аударту арқылы иемденіп келген. Келтірілген шығын мөлшері – 207,4 млн теңге.

Үшінші заңсыз амал – бюджет қаражатын әдеттен тыс жоғары мөлшердегі сомамен аудартуды қайталау. Нақты айтсақ, Петропавл қаласының №42 орта мектебінің бас есепшісі мен информатика пәнінің мұғалімі 2023 жылы айына 3 реттен артық жалақы алып отырғаны әшкере болды. Бұдан келген шығын көлемі – 69 млн теңге.

Бұл заңды белден басудың тек ең танымал жолдары  ғана. Осы ретте Қаржы министрлігі мемлекеттік органдардың бюджетін қалыптастыру және бухгалтерлік есеп жүргізу процестерін автоматтандыру есебінен нақты уақыт режімінде тиісті бақылауды күшейтіп жатқанын айта кетейік.

"Мемлекеттен бөлінетін қаражатты басқару саласындағы ашықтық пен айқындылықты арттыру, сондай-ақ аудитті күшейту, қаржылық есептіліктің неғұрлым қатаң және тиімді жүйелерін енгізу мемлекеттік бағдарламаларды жақсартып, әлеуметтік салаға арналған инвестицияларды ұлғайтуға мүмкіндік береді", деп түйіндеді ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Айта кетсек, 2024 жылы 12 тамызда НЗМ-ға жасалған мемлекеттік аудит 274 млн теңгенің қаржылық бұзушылықтарын анықтағаны белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: