Жаңалықтар тізбегі
0

Bank RBK: Банкті сату бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ

Bank RBK, фейк, банк, сату , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2024 19:44 Сурет: Bank RBK
Bank RBK анонимді арналар арқылы банктің сатылғалы жатқаны туралы тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Қазіргі уақытта банк пен оның акционері қаржылық институт акцияларын, соның ішінде ForteBank-ке сату туралы келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ.

Қазіргі уақытта Bank RBK Қазақстандағы қаржылық жағдайы тұрақты және қарқынды дамып келе жатқан ЕДБ-нің бірі болып табылады және қаржы нарығындағы өз позицияларын нығайтуға бағытталған даму стратегиясын жоспарлы түрде іске асыруда.

Bank RBK 2024 жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша, коммерциялық банктердің арасында корпоративтік несие портфелінің көлемі бойынша 7-орында, капиталы бойынша 7-орында, активтері бойынша 9-орында тұр.

Сондай-ақ, 2024 жылдың қыркүйегінде Moody 's Investors Service (Moody' s) халықаралық рейтингтік агенттігі "Bank RBK" АҚ-тың ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтерін Ba3-тен Ba2-ге, сондай-ақ несиелендіру қабілеттілігінің базалық бағасын (BCA) және түзетілген BCA-ны b1-ден ba3-ке дейін көтерді. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжамы "тұрақты" деңгейде. Сонымен қатар агенттік банктің қысқа мерзімді рейтингтерін растады.

2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша "Bank RBK" АҚ активтері 2 170 млрд теңгені құрады, жыл басынан бергі өсім - 6,2%, кредиттік портфель – 1 294 млрд теңге, бұл реттегі жыл басынан бергі өсімі – 15,4 %.

 2024 жылдың сегіз айындағы банктің табысы 39 млрд теңгені құрады, ал бұл көрсеткіш өткен жылы осындай кезеңде 34 млрд теңге болған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: