Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда қаржылық сауаттылықты арттыруға қатысты республикалық форум өтіп жатыр

Форум, Түркістан, қаржылық сауаттылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2024 18:21 Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістанда "Заң мен тәртіп. Экономикалық қауіпсіздік: "Қаржылық сауаттылықты арттыру және тәуелділікпен күрес" республикалық форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған форум Қаржылық мониторинг агенттігінің үйлестіруімен, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен өтуде. 

Форумның мақсаты – халық арасында қаржылық мониторинг органдарының оң имиджін қалыптастыру, "AML ACADEMY" қаржылық мониторинг академиясының әлеуетін көтеру, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, жастар арасында құқықтық ақпараттық цифрлық мәдениетін қалыптастыру, ойынқұмарлықпен қаржылық пирамидалардың алдын-алу және кибергигиенаны сақтау әдетін қалыптастыру.

Форум, Түркістан, қаржылық сауаттылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2024 18:21

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Форумға қала әкімі, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, қоғамдық пікір көшбасшылары, спортшылар, "Жастар ресурстық орталықтары", Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің волонтерлары, ҚР Мәдениет қайраткерлері, танымал кино және театр жұлдыздары, медиа тұлғалар, оқытушы-профессорлар, дін өкілдері қатысты. 

Форум, Түркістан, қаржылық сауаттылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2024 18:21

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аталған форум аясында флэшмоб, панельдік сессиялар интеллектуалды ойын және гала-концерт өткізіледі. Флэшмоб Түркістан қаласының Әкімшілік-іскерлік орталығы, О.Жарылқапов атындағы орталық стадион, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті және Халықаралық туризм және меймандостық университеттерінде ұйымдастырылды.  

Форумда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев сөз сөйлеп, жастарды жат әдеттерден аулақ болуға шақырды. 

Форум, Түркістан, қаржылық сауаттылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2024 18:21

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс аумағында орналасқан 1000 мектеп және 50 колледждің 500 мыңнан астам шәкірті бір мезетте өздерінің лудомания және синтетикалық есірткіге қарсы екендерін жеткізіп, челленджді еліміздің өзге өңірлеріне жолдады.

Форум соңында Түркістан облысының экономикалық қауіпсіздігін сақтауда елеулі еңбек еткен азаматтарға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталады.

Форум, Түркістан, қаржылық сауаттылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2024 18:21

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: