Алаяқтардан қалай қорғануға болады: Астанада қаржылық қауіпсіздік форумы басталды

Алаяқтардан қалай қорғануға болады: Астанада қаржылық қауіпсіздік форумы басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2026 11:00 Сурет: pixabay
22 мамырда Астанада "ҚМА online 2026" – "Қаржылық қауіпсіздік бойынша тренинг" форумы өтіп жатыр. Онда интернет-алаяқтықпен күрес шаралары, қаржы пирамидалары, цифрлық гигиена және дипфейк тақырыптары талқылануда. Кездесуге офлайн форматта да, онлайн форматта да қатысуға болады.

Қаржылық қауіпсіздікке арналған іс-шара елордадағы "Жастар сарайында" "Заң және тәртіп" идеологиясын ілгерілету аясында ұйымдастырылып отыр.

Форумның негізгі мақсаты – азаматтарға цифрлық гигиенаның негіздерін түсіндіру, қаржылық алаяқтықтан қорғанудың жаңа тәсілдері мен дропперлік схемалар туралы ақпарат беру.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Астана қаласының әкімдігімен және Zakon.kz интернет-басылымымен бірлесіп ұйымдастырған. Сонымен қатар форумға Ішкі істер органдары мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері қатысуда.

"Кездесу гибридті форматта өтуде. Яғни форумға тікелей келіп қатысуға да, онлайн трансляция арқылы қосылуға да мүмкіндік бар. Форумға мыңдаған адам қатысып жатыр", – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Форумның онлайн трансляциясы сағат 11:00-ден бастап "PRG" YouTube-арнасында көрсетілуде.

Панельдік пікірталасқа танымал журналистер, сарапшылар және қоғам белсенділері қатысуда.

Форум бағдарламасында мемлекеттік органдар өкілдерінің интернет-алаяқтықтың өзекті схемалары, қаржы пирамидаларын құру тәсілдері, цифрлық гигиена және дипфейктердің қаупі туралы баяндамалары қарастырылған.

Алаяқтардан қалай қорғануға болады: Астанада қаржылық қауіпсіздік форумы басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2026 11:00

Сурет: Zakon.kz

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сарапшылар қазақстандықтарға цифрлық гигиена негіздерін меңгеруге және қаржылық әрі цифрлық қауіпсіздік деңгейін арттыруға көмектеседі.

Іс-шара интерактивті форматта ұйымдастырылған. Бұл ақпаратты қатысушыларға жеңіл әрі түсінікті түрде жеткізуге бағытталған. Бағдарлама аясында конкурстар , әзіл-сықақ қойылымдары, театрландырылған көріністер, тақырыптық перформанстар ұйымдастырылуда.

Алаяқтардан қалай қорғануға болады: Астанада қаржылық қауіпсіздік форумы басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2026 11:00

Сурет: Zakon.kz

Сондай-ақ форум қонақтарының алдында әртістер, әншілер, блогерлер және танымал медиа тұлғалар өнер көрсетеді. Іс-шараны Тұрсынбек Қабатовтың қатысуымен өтетін театрландырылған қойылымдар мен әзіл-сықақ көріністері толықтырмақ.

Форумға белгілі журналистер, тележүргізушілер және қоғам қайраткерлері де қатысып жатыр. Пікірталас алаңына тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы, журналист Гүлмира Дайрабаева, журналист Айгүл Мүкей, қоғам белсендісі Юрий Ли, "ПТК" өкілі Ғани Әбдиев және журналист Сырым Итқұлов қатысуда.

Кездесудің модераторлары – Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан мен журналист Күлшат Уразымбетова.

Форум ашық пікірталаспен аяқталады. Онда журналистер, қоғам белсенділері және медиа тұлғалар алаяқтықтың нақты оқиғаларын және қаржылық қылмыстардан қорғану жолдарын талқылайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: