Ел азаматтарының банктегі шоттары неге жаппай бұғатталуда - Қаржы министрінің жауабы
Сурет: Zakon.kz/Мәдина Мамырханова
Қаржы министрі Мәди Такиев 27 қарашада Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында қазақстандықтардың шоттары жаппай неге бұғатталып жатқанына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер Қаржы министрінен ел азаматтарының шоттарын бұғаттау немен байланысты екенін сұрады. Олардың айтуынша, қазір әлеуметтік желіде осындай сипаттағы шағым көбейген.
"Шоттарды жаппай бұғаттау, бәлкім, ІІІ-тоқсанның қорытындысы бойынша есептілік кезеңнің жүргізіліп жатуымен байланысты болса керек, адамдар табыс декларациясын 15 қарашаға дейін тапсырып, салықтарын 25 қарашаға дейін төлеуі керек. Осы белгіленген күннен кейін төлем жасалмаса, әрине, шоттар бұғатталады. Бірақ бізде салықтар бойынша белгілі бір мәселелер бар, бұл ретте шотты бұғаттамаймыз. Шотты бұғаттау шарасы, негізінен, медициналық сақтандыру және әлеуметтік төлемдер жүргізілмеген жағдайда қолданылады", - деп түсіндірді Мәди Такиев.
Оның айтуынша, жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін бұл мәселе өз-өзінен реттеледі, өйткені ондайда әлеуметтік төлемдер бойынша берешек шегі қазіргі 0 теңгеден 6 АЕК-ке дейін көтеріледі. Нәтижесінде, министрдің айтуынша, осы сомаға дейінгі қарыздар бойынша шоттар бұғатталмайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript