Қазақстанда доллардың құлдырауы жалғасуда
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 514,93 теңгені құрап, қайтадан 1,08 тармаққа төмендеді. Бір күн бұрын күндізгі сессияда доллар 7,47 теңгеге арзандады.
Қытай Халық Республикасындағы мереке күндеріне байланысты қытай юанімен сауда жүргізілмеді.
Ақша айырбастау орындарында доллар 520,89-527,29 теңгеге, еуро 536,82-544,77 теңгеге, рубль 5,08-5,21 теңгеге сатылуда.
Желтоқсанның 25-і күнгі аукционда мереке қарсаңында мұнайдың әлемдік бағасы әртүрлі бағытта өзгерді. Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 1,24 пайызға өсіп, 73,22 долларды құрады. Америкалық West Texas Intermediate (WTI) мұнайы 0,09%-ға арзандап, барреліне 70,10 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 515,89 теңге, еуроны 536,32 теңге, рубльді 5,17 теңге деп белгіледі.