2025 жылы теңгені қандай валютаға инвестициялаған жөн - қаржыгер кеңесі

2025 жылы теңгені қандай валютаға инвестициялаған жөн - қаржыгер кеңесі , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2025 17:12 Сурет: pexels
Инвестициялау мақсатында шетел валютасын сатып алудың бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктері бар. СКВ-нің басты артықшылығы — оның тез және жоғары өтімділігі мен инвестиция салуда арнайы білімді қажет етпеуі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетел валютасына инвестиция салудың кемшіліктерінің ішінде валютаның инфляциясын атап өткен жөн. Қаржыгер Арсен Темірбаевтың айтуынша, доллардың сатып алу қабілеті жылына орта есеппен 3%-ға төмендейді.

Дегенмен, сіз инвестиция салу кезінде, өз үлесіңізді үш-төрт валютаға бөлсеңіз, бұл тиімді әдіс.

Дұрыс таңдау жасау үшін 2024 жылы валюта көрсеткіштерін сараптап, 2025 жылға болжам жасауға тырысу керек.

Доллар

Доллар индексі өсуді жалғастыруда. Бір жыл ішінде оның алты валютаға (Еуро, фунт, йена, канадалық доллар, швед кроны және швейцариялық франк) мәні 102,5 белгісінен 109,195 деңгейіне дейін өсті.

"Бұл жақсы өсім. Егер сіз бір жыл бұрын 10 000 доллар сатып алып, бүгін сатқан болсаңыз, онда сіздің табысыңыз 700 000 теңгені немесе қазіргі бағам бойынша 1 338 долларды құрайтын еді". Арсен Темірбаев

2025 жылы доллар кем дегенде алғашқы алты айда дәл осылай нығая түсетіні сөзсіз. Бұдан әрі құлдырауы мүмкін, өйткені Трамп бастаған импортқа сауда баждарының өсуі АҚШ пен әлемдегі инфляциялық процестерді өршіте алады.

Еуро

2024 жылдың соңында Еуро еуроаймақтағы экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты ЕО-ның серіктес елдерінің валюталарына қатысты құлдырай бастады. Еуро индексі 2024 жылғы қыркүйектегі 131,5 белгісінен 2025 жылғы қаңтардың басында 125,67-ге дейін тез төмендеді. Еуро/доллар жұбы 1,04-ке дейін төмендеді, бұл екі жыл ішінде ең аз көрсеткіш. Көптеген сарапшылар 2025 жылдың көктеміне қарай доллар мен еуро бағамы тепе-тең болады деп болжауда.

"Қазір Еуропаға баруды жоспарлап жүргендер бұл валютаны тиімді түрде сатып ала алады. Ал, инвестициялау құралы ретінде бұл валюта әлі қолайлы емес". Арсен Темірбаев

Фунт стерлинг

2025 жылдың басында британдық валюта бағамы төмендеді. Фунт стерлинг долларға қатысты 0,7%-ға құлдырап, 1 фунт үшін 1,22 долларға дейін қалыптасты. Бұл бір жарым жылдағы ең төменгі деңгей. Bloomberg мәліметтері бойынша, фунттың бұл қозғалысы инвесторлардың Ұлыбритания үшін фискалдық және инфляциялық болжамдарға қатысты алаңдаушылығын көрсетеді.

"Фунт 2025 жылдың ортасына қарай жақсаратынына сенімдімін. Бірақ оның өсімі аз болады және фунт үлкен табыс күтуге тұрарлық емес". Арсен Темірбаев

Швейцария франкі

Қаржыгердің айтуынша, бұл валюта "қысқа уақытта" жақсы нәтиже береді, дегенмен бүгінгі саяси жағдайда емес.

Валюталарға инвестициялау – бұл табыс табудың қызықты және пайдалы түрі. Бірақ ол валюта нарығын бақылау және талдау қабілетін талап етеді. Сондықтан тәуекелдерді әрқашан есте сақтау және ықтимал шығындарға дайын болу маңызды, деп қорытындылады қаржыгер.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: