Алтын осымен үшінші күн қымбаттап жатыр

Алтын, баға, қымбаттап жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2025 17:21 Сурет: pixabay
Бірнеше күн қатарынан әлемдік нарықта алтын қымбаттап жатыр. Сары қымбат металдың бұлайша құнды бола түсуіне не түрткі? Оны Zakon.kz сайтынан оқып-біле отырыңыздар.

Алтынның бағасы осымен үшінші күн қатарынан өсуде. Сәрсенбіде сары металдың құны 11 апта ішіндегі жоғары шекті игерді. Президент Дональд Трамп әкімшілігі АҚШ тарифтерін өсіру ықтималдылығы аясындағы алаңдаушылыққа байланысты алтынға деген сұраныс артты.

Естеріңізге сала кетсек, Трамп Қытай үшін 10% тарифті енгізуді қарастырып жатқанын растап, сонымен қатар алда Канада мен Мексика үшін 25% баж салығын енгізуі мүмкін екенін мәлімдеді. Мұның бәрі инвесторлар арасындағы сауда соғыстарына қатысты алаңдаушылықты туғызды.

Investing мәліметтері бойынша, алтынның бір унциясы 2 749,29 долларға қымбаттап, қараша айының басынан бері ең жоғары деңгейге жетті. Алтын фьючерстері бір унциясы үшін 2766 доллар болды. 

Айта кетсек, алтын бағасы 2024 жылдың қазан айының соңында ең жоғары мәнге жетті. Ол кезде қымбат металдың бір унциясы 2800 доллар болған. Goldman Sachs сарапшылары 2025 жылдың соңына қарай алтынның троя унциясы бойынша бағасы 3 мың долларға дейін көтерілуі мүмкін деп есептейді. Қазақстандық нарықта бір грамм алтынның құны 46 160 теңгеге дейін жетіп, қаңтар айының басынан бастап 3%-ға өсті (44 811 теңге).

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: