24 қаңтардағы саудада теңге нығайды

Доллары, деньги, обмен валют, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2025 16:24 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 24 қаңтарда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,35 теңгеге төмендеп, 517,84 теңге болды.

Таңғы сауданың қорытындысы бойынша юань бағамы 71,60 теңге болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 519,5-522,5 теңге, еуро 543-548 теңге, рубль 5,15-5,27 теңге аралығында сатылуда.

24 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында наурыздағы Brent фьючерстерінің құны 0,05%-ға өсіп, барреліне $78,33 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,07%-ға өсіп, барреліне 74,67 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 522,42 теңге, еуроны 543,89 теңге, рубльді 5,28 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: