28 қаңтардағы сауда-саттық барысында доллар аздап төмендеді

Доллары, деньги, конверт, коррупция, взятка , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2025 16:06 Фото: pexels
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 28 қаңтарда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,37 теңгеге төмендеп, 516,13 теңге болды.

Қытайдағы мереке күндеріне байланысты юаньмен сауда жүргізілмеді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 516,7-519,3 теңге, еуро 539,5-543,5 теңге, рубль 5,19-5,29 теңге аралығында сатылуда.

28 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында сәуірдегі Brent фьючерстерінің құны 0,43%-ға өсіп, барреліне $76,51 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,49%-ға өсіп, барреліне 73,53 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 516,77 теңге, еуроны 542,87 теңге, рубльді 5,33 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: