Рубль күрт құлдырады, теңгенің жағдайы қандай болмақ

2025 жылдың 4 ақпанында Ресейдің Орталық Банкі доллар мен еуроға қатысты рубльдің айтарлықтай құлдырауын тіркеді. Сонымен, доллар бағамы 2,1326 рубльге өсіп, 99,9433 рубльге жетті, ал бір күн бұрын бұл көрсеткіш 97,8107 рубльді құраған болатын.
Бұл ретте, еурода рубльге қатысты өсімін көрсетті. Ол 0,3609 рубльге көтеріліп, 102,491 рубль көрсеткішінде тұрақтады.
Қаржыгер Богдан Зваричтің айтуынша, Ресейдегі доллар мен еуроның ресми бағамы банктік есептілік деректері мен цифрлық биржадан тыс платформалардан алынған мәліметтер негізінде есептеледі.
Бұл ретте, ҚХР-дағы жаңа жылдық демалыстарға қарамастан, юань да төмендеуде. Бұл АҚШ-тың Қытай үшін 10%дық тарифтерді енгізу туралы шешіміне байланысты. Юань бағамы 0,36%-ға, АҚШ доллары үшін 7,347 юаньға дейін төмендеді.
Төмендеу үрдісінен ұлттық валютамыз да кенде қалмады – бір тәулік ішінде теңге долларға қатысты 3,40 теңгеге "құлдырады" және бүгінгі таңда доллардың ресми бағамы 521,60 теңгені құрайды.
Бұдан өзге де әлемдік валюталар төмендеу үрдісінде.
Айта кетейік, Cryptocurrency бағамдары да әлсіреді. Бір күннің ішінде цифрлық валюта нарығының жалпы капиталдандыруы 10%-ға төмендеді, көптеген ірі крипто-активтер 20%-дан астам бағаға төмендеді.
Басталған сауда соғыстарының әсері әзірге Қазақстанға жете қойған жоқ. Алайда, еліміздің экономикасы әлемдік нарықтармен тығыз байланыста болғандықтан, олардың кез келген өзгерісі бізге де жетеді. Мысалы, рубль бағамының ауытқуы бірден теңгеге әсер етеді.
Бұған дейін Қытай АҚШ-тың енгізген баж салғына қалай жауап бергендігін жазған едік.