Шетелдік көздерден ақша алып отырған қазақстандықтардың тізімі жарияланады

Доллар, шетел, табыс, қазақстандықтар, тізім, Мемлекеттік кірістер комитеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2025 20:14 Сурет: Zakon.kz
Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік көздерден қаржы алатын тұлғалардың тізімін жариялау туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитет нақтылап өткендей, 2018 жылдан бастап Салық кодексіне шет мемлекеттерден, шетелдіктерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарына есептілік беруі туралы талап енгізілді.

Мәліметтерді қызметі заң көмегін көрсетуге, қоғамдық пікірге сауалнамаларды, социологиялық сауалнамаларды зерделеуге және жүргізуге бағытталған тұлғалар ұсынады (Салық кодексінің 29-бабы 1-тармағының 1-тармақшасы).

"2022 жылы Салық кодексінің 29-бабына өзгеріс енгізілді, оған сәйкес Мемлекеттік кірістер комитеті өзінің интернет-ресурсында шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың тізілімін жариялайды". ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Мәліметтер бекітілген нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 20 - күнінен кешіктірілмей интернет-ресурста орналастырылады www.kgd.gov.kz.

Бұл түзету азаматтардың мемлекетке де, үкіметтік емес ұйымдарға да сенімінің деңгейін арттыруға бағытталған.

018.00 т. бойынша есептілік жартыжылдықта есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күніне дейін ұсынылады. Осылайша, тұлғалар тізілімі есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жарияланады.

Сонымен, 2023 жылғы бірінші жартыжылдықта шетелдік көздерден ақша және (немесе) мүлік алу туралы мәліметтерді 239 тұлға ұсынған (19.09.2023 ж.орналастырылған):

  • 2023 жылдың екінші жартыжылдығында 192 тұлға бойынша мәліметтер жарияланды (20.03.2024 ж. орналастырылды).
  • 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 192 тұлға бойынша мәліметтер жарияланды (19.09.2024 ж. орналастырылған).

2024 жылдың екінші жартыжылдығында тізілім 2025 жылдың 20 наурызына дейін орналастырылады.

 Бұған дейін бір жыл ішінде қолма-қол ақшасыз транзакциялар саны (2023 жылғы желтоқсан 2024 жылғы желтоқсанға дейін) 12,2%-ға өсіп, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес 1,16 млрд операцияға жеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: