Жаңалықтар тізбегі
0

Банк шоттарын жаппай бұғаттау: Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға маңызды ақпарат берді

Аудит, расчет, калькулятор, аудитор, юридическая проверка, графики, экономика, предпринимательство, бизнес, инвестиционные контракты, договоры, инвестиции, инвестирование, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2024 10:33 Фото: pexels
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) бүгін, 4 желтоқсанда жеке тұлғалардың шоттарының жаппай бұғатталуына қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомстваның мәліметінше, 2024 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталды. Осы бастама шеңберінде бизнес өкілдері — заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары мен қатысушылары, сондай-ақ дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары 250.00 нысаны бойынша "кіру" декларациясын тапсыра отырып, Қазақстандағы және шетелдегі өз активтерін декларациялады.

Бұдан басқа, бұрын жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген азаматтар 270.00 нысанды кірістер мен мүлік туралы жыл сайынғы декларациясын ұсынды.

Декларацияларды тапсыру мерзімі ағымдағы жылы 2024 жылғы 1 қаңтардан 16 қыркүйекке дейін белгіленді, бұл 8,5 айды құрады. Осы уақыт ішінде Мемлекеттік кірістер органдары декларанттарды бұқаралық ақпарат құралдары, СМС-хабарламалар және басқа да тәсілдер арқылы декларацияларды тапсыру қажеттілігі туралы белсенді түрде хабардар етті.

Ақпараттық қолдауға қарамастан, кейбір салық төлеушілер белгіленген мерзімде декларация тапсырған жоқ. Мұндай жағдайларда салық органдары бұзушылықтарды жою үшін қосымша 30 жұмыс күнін бере отырып, салық заңнамасында белгіленген мерзімде жеке тұлғаларға салық есептілігін ұсынбау туралы хабарлама жібереді. Осылайша, азаматтарға декларация тапсыру үшін 10 ай уақыт берілді.

Декларациялар, егер оларда салық органының коды, салық кезеңі немесе декларация жасалған күні сияқты негізгі деректер болмаса немесе декларация "өңдеуден бас тарту" мәртебесін алған болса, ұсынылмаған болып саналады. Мұндай жағдайларда салық төлеушілер декларацияны өзгерту әдісімен қайтарып алып, түзетілгенін беру арқылы бұзушылықты өз бетінше жоя алады.

Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тек дара кәсіпкерлерге және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға ғана қатысты екенін атап өткен жөн (Салық кодексінің 118-бабы).

Декларацияны уақытылы тапсыра алмаған азаматтар үшін бірінші рет ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұзушылықтар жойылғаннан кейін банктік шоттар бойынша шығыс операциялары бір жұмыс күнінен кешіктірілмей бұғаттан шешіледі.

Жалпыға бірдей декларациялау бойынша декларация тапсыруға міндетті 4,8 миллион адамның ішінен декларацияны ұсынбағаны үшін мемлекеттік кіріс органдары 68,3 мың немесе 1,4% дара кәсіпкер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалардың банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтатты.

Бүгінгі таңда аутқушылықтарды жойған 17,5 мыңнан астам салық төлеушінің немесе өкімдердің жалпы санының 26% бойынша — банктік шоттары бойынша бұғаттау шешілді.

Мемлекеттік кірістер комитеті декларациялау процестерін жақсарту және салық заңнамасын сақтау деңгейін арттыру үшін тиісті жұмыстарды жалғастыруда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: