Әрбір қазақстандыққа орташа есеппен қанша қолма-қол ақша келеді

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда қолма-қол ақшасыз карточкалық транзакциялар көлемі рекордтық 165 трлн теңгеге жетті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 16%-ға көп. Жалпы, көрсеткіш ЖІӨ-нің 123%-ын құрады, жағдай қолма-қол ақшасыз төлемдердің экономикаға одан әрі енуін көрсетеді. Бұл жайлы ҚҚҚ талдау орталығының шолуында айтылған.
Сонымен қатар, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу инфрақұрылымының кеңеюіне және олардың көлемінің өсуіне қарамастан, қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі бір жыл бұрынғы 86,2% көрсеткіштен небәрі 86,7%-ға дейін ғана өсті.
"Қолма-қол ақшасыз операциялар үлесінің сақталуы қолма-қол ақша көлемінің 20%-ға, жоғары инфляциялық процестер, мобильді аударымдарды фискалдау жөніндегі бірнеше науқандар, көлеңкелі экономика үлесінің тұрақтылығы (шамамен 18%) аясында 4,4 трлн теңгеге дейін айтарлықтай өсуіне байланысты". ҚҚҚ
Сондай-ақ, шолуда бір жыл бұрынғы 184 мың теңгеге қарағанда әрбір қазақстандыққа орта есеппен 218 мың теңге қолма-қол ақша тиесілі екендігі атап өтілді.
Банкоматтар арқылы ел азаматтары 25,4 трлн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырды, 2023 жылғы 22,9 трлн теңгемен салыстырғанда өсім 11%-ды құрады. Бұл ретте өсімнің 82%-ын үш өңір қамтамасыз етті. Бұл Алматы – 1,4 трлн теңгеге, Шымкент – 389 млрд теңгеге және Жетісу облысы-249 млрд теңгеге. Банкоматтардан алу бойынша орташа чек 94,7 мың теңгеден 106,4 мың теңгеге дейін немесе 12,4%-ға ұлғайды.
Бұған дейін Алматыдағы вирустық ахуалдың қандай екенін жазған болатынбыз.