Номиналы 1000 теңге болатын жаңа банкнот: айналымға қашан енетіні белгілі болды

Номиналы 1000 теңге болатын жаңа банкнот: айналымға қашан енетіні белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2025 16:18 Сурет: nationalbank.kz
Қазақстан Ұлттық Банкі ҚҰБ Басқармасының кезекті отырысында жаңа дизайндағы 1 000 теңгелік банкнота айналымға қашан шығарылатындығы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайлы бүгін, 2025 жылғы 21 ақпанда ҚР Ұлттық банкінің ресми сайтында мәлімденді.

"2025 жылғы 28 наурыздан бастап 2024 жылғы үлгідегі өзгертілген дизайны бар 1 000 теңгелік банкнотаны айналымға шығару туралы шешім қабылданды",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ 2025 жылы екі жаңа коллекциялық монета – "GRIFFIN" ("Көшпенділер аңызы мен мифтері" сериясынан) және "OTYRAR" ("Қазақстанды монеталар арқылы зертте" сериясынан) монеталарын шығару әрі айналымға енгізу мәселесі бекітілді.

"Сақ стилі" банкноталарының жаңа сериясы

Бұған дейін Ұлттық Банк жаңа 10 000 теңгелік банкнотаның жалған ақшадан айырмасын анықтап берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: