Мемлекеттік кірістер комитеті 93 блогерге жіберілген хабарламаларды кері қайтарып алды

Электронная биржа труда, рынок труда, карьерные центры, поиск работы, собеседование , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2025 16:24 Фото: pexels
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 93 блогерге жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге жіберілген 169 хабарламаны кері қайтарып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 19 ақпанда 53,3 млрд теңгеге 594 блогер бойынша бұрын жіберілген 1014 хабарламадан жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге 93 блогерге жіберілген 169 хабарламаны кері қайтарып алу жүргізілгенін хабарлайды", – делінген ақпаратта.

Комитеттегі хабарламалардың күшін жоюдың себебі оларды жіберу және өңдеу процесінде техникалық ақаулардың пайда болуы деп аталды.

МКК жойылған техникалық қателерді ескере отырып, кері қайтарып алынған хабарламаларды қайта шығару бойынша жұмыс жүргізгендерін айтты.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті "борышкер блогерлердің" тізімі туралы түсініктеме берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: