Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға маңызды мәлімдеме жасады

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 6 маусымда сағат 00:00-ден 10:00-ге дейін "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі қолжетімсіз болатындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, бұл уақытқа жүйені жаңарту және оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстар жоспарланған.
"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды",- деп мәлімдеді ведомство.
Сондай-ақ, қажет болған жағдайда салық төлеушілер ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және "ЭШФ" АЖ енгізуге құқылы екенін еске салды:
- 2025 жылғы 6 маусымнан бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;
- 2025 жылғы 9 маусымнан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.
Бұған дейін Алматыда көлік ұрлап, жеке үйлердің бірінде жасырған екі күдіктінің ұсталғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript