Алматыда көлік ұрлап, жеке үйлердің бірінде жасырған екі күдікті ұсталды

Алматыда көлік ұрылары ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2025 17:28 Сурет: polisia.kz
Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Hyundai автокөлігін ұрлап кетті деген күдікпен екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыс тұрғын үй ауласындағы автотұрақта жасалған. Көлікті ұрлағаннан кейін қаскөйлер бірден көлікке жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін орнатып, оны Алматы облысына алып кетіп, жеке үйлердің бірінде жасырған.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер ыңғайлы сәтті күтіп, көлікті сатуды жоспарлаған.

Полиция қызметкерлерінің үйлесімді және кәсіби жұмысының арқасында күдіктілер қысқа мерзімде анықталып, ұсталды. Олардың біреуі бұрын сотты болған.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалып, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: