Қазақстандағы жұмыссыздық: 2025 жылғы үрдістер

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жұмыссыздық деңгейі (Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша) 4,6%-ды, яғни 448,3 мың адамды құрады.
Еңбек нарығында не болып жатыр?
Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу деректері бойынша Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,2 млн адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 7 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,6%) жалдамалы жұмыспен, 2,1 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 23,4%) өзін-өзі жұмыспен қамтыды.
2023 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 154,8 мың адамға, негізінен жалдамалы қызметкерлердің (141,5 мың адамға) есебінен өсті, сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны (13,3 мың адам) өсті.
Сонымен қатар, көптеген сарапшылар, атап айтқанда әлеуметтанушы Айжан Мұхамеджанова жұмыспен қамтудың өсуіндегі кейбір ауытқуларды атап өтті.
"Жұмыспен қамтудың өсуі – бұл оң сигнал, бірақ жаңа жұмыс орындарының бір бөлігі табысы төмен секторларда құрылатынын түсіну керек. Нарықтың тұрақты дамуы үшін сапалы жұмыс орындарын кеңейту қажет". Айжан Мұхамеджанова
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі:
- сауда (16,8%),
- білім беру (13,1%),
- өнеркәсіп (12,5%),
- ауыл шаруашылығы (10,6%) салаларында.
Негізгі жұмыста орта есеппен бір жұмыспен қамтылғанның аптасына нақты жұмыс істеген сағаттары 39 сағатты, бір жалдамалы қызметкерге – 41 сағатты, өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерге – 35 сағатты құрады.
Жұмыссыздық деңгейі төмендеді, алайды әлі бар
Жұмыссыздық деңгейі 2023 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда 0,1%-ға төмендеді және 4,6% құрады. Бұл ретте, ҚР ЕХӘҚМ жұмыспен қамту органдарында 2024 жылғы желтоқсан айының соңына 191,9 мың адам жұмыссыздар ретінде ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі 2023 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда 0,2 п.т. өсті және жұмыс күшінің санынан 2% құрады.
Әлеуметтанушының пікірінше, оң динамикаға қарамастан, жастар ең осал топтардың бірі болып қала береді.
"Мәселе жұмыс орындарының жоқтығында емес, тағылымдамалар мен тәлімгерлік бағдарламаларының жетіспеушілігінде".Айжан Мұхамеджанова
Жастар арасындағы жағдайды (15-34 жас) ерекше атап өткен жөн: мұнда жұмыссыздық деңгейі 3,3%, ал NEET-жастардың үлесі (жұмыс істемейтін және оқымайтын) – 6,6% құрады.
Бұған дейін экономист Бауыржан Шурманов қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының "азайып" жатқандығы жайлы айтқан болатын.