KASE бағалы қағаздарды юаньмен саудалауға рұқсат берді

Енді Қазақстан қор биржасына (KASE) юаньмен саудаланатын қаржы құралдарын орналастыруға болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2025 жылдың 3 наурызынан бастап KASE-де есеп айырысулармен қытай юанімен (CNY) мамандандырылған сауда-саттық әдісімен бағалы қағаздарды орналастыруды, бағалы қағаздарға жазылуды және жария ұсынуды өткізу қолжетімді болады" делінген Қазақстан қор биржасының 2025 жылы 3 наурыздағы хабарламасында.
Мұндай шешім бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға инвесторларды тарту үшін қосымша мүмкіндік беру мақсатында қабылданып отыр.
Сондай-ақ биржада AED/KZT және CNY/RUB валюталар жұбының саудасы түрінде екі құрал пайда болуы мүмкін. Бұл мәселе мамандармен әлі әзірленіп, талқылану барысында.
Еске сала кетсек, 2014 жылы 25 қыркүйекте KASE-де CNY/KZT валюталар жұбымен жасалған сауда-саттық жүргізілді. Бұл Ұлттық Банк пен Қытай Халық банкі арасында жүргізілген бірнеше келіссөздерден кейін мүмкін болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript