KASE: доллар мен рубль бағамы төмендеп, теңге сәл нығайды

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, обменник, обменники, обменный пункт, доллары, доллар, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2025 15:48 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 23 қазан күні Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндік сауда қорытындыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа салмақты бағамы 538,11 теңгені құрап, 0,46 теңгеге төмендеді.

Рубль бағамы 6,61 теңгеге (-0,01) дейін төмендеді.

Юаньдың орташа салмақты бағамы таңғы саудада 75,46 теңге (-0,11) болды.

Айырбас пункттерінде долларды 537,3-539,7 теңгеге, еуроны 623,5-627,5 теңгеге, рубльді 6,49-6,61 теңгеге сатып-алу мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, әлемдік мұнай бағалары да 23 қазанда өсті. Brent маркалы мұнай фьючерсі 5,4%-ға өсіп, баррелі 65,97 доллар болды. WTI мұнайының желтоқсан айына арналған фьючерсі 5,52%-ға өсіп, 61,73 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллардың бағамын 538,53 теңге, еуро – 623,94 теңге, рубль – 6,59 теңге деп бекітті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: