Жаңалықтар тізбегі
0

Яндекс акциялары неліктен KASE-нің ресми тізімінен шығарылды

Яндекс, Қазақстан қор биржасы, акциялар, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2023 10:36 Сурет: pixabay
Астанада өткен KASE day шарасында "Қазақстан қор биржасы" АҚ басқарма төрағасы Алина Алдамберген Яндекс акцияларының KASE-нің ресми тізімінен шығарылу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
"Белгілі бір санкциялық режим бар екенін айта кеткен жөн. Қазақстан қор биржасы соңғы бір жылда бұл компанияға қатысты санкциялық режимді сақтауды күшейтті. Белгілі бір санкциялық ерекшеліктер бар, сондықтан бізге делистинг туралы шешім қабылдауға тура келді. " "Қазақстан қор биржасы" АҚ басқарма төрағасы Алина Алдамберген

Бұл ретте ол санкциялық ерекшеліктер орналасқан жеріне қарамастан түпкілікті мүдделі тараптарға қатысты екенін атап өтті.

"Бізде кейбір ресейлік акциялардың листингі тоқтатылды. Бұл біріншіден, санкциялық режимге байланысты болды. Екіншіден, Ресей мен Қазақстан арасындағы есеп айырысу және бағалы қағаздармен сауда жасаудың қиындығына байланысты. Қазіргі уақытта осы бағалы қағаздардың бірқатары бойынша біз тізімнен шығару туралы шешім қабылдадым. Нақты санын айта алмаймын". Алина Алдамберген

13 ақпан күні Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Яндекс.Такси" уәкілетті органның заңды талаптарын орындаудан жалтарып, қажетті ақпаратты бермеуіне байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.

30 желтоқсанда сот "Яндекс.ТаксиКорп ЖШС-нің талап арызын ішінара қанағаттандырды. Компания Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тергеу жүргізу жөніндегі әрекеті мен бұйрығына қарсылық білдіру үшін сотқа шағым түсірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: