23 шілдедегі сауда кезінде доллар бағамы күрт көтерілді
Фото: freepik
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 6,21 теңгеге көтеріліп, 538,64 теңге болды.
Рубльдің орташа сараланған бағамы 6,86 теңгеге (+0,05) көтерілді.
Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 74,88 теңге (+0,87) болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 536,3-539 теңге, еуро 629-634 теңге, рубль 6,73-6,85 теңге аралығында сатылуда.
23 шілдедегі саудада мұнайдың әлемдік бағасы құлдырады.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қыркүйектегі Brent фьючерстерінің құны 0,22%-ға арзандап, барреліне 68,44 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 0,23%-ға арзандап, барреліне 65,16 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 531,96 теңге, еуроны 622,45 теңге, рубльді 6,79 теңге деп белгіледі.