Александр Македонскийге арналған коллекциялық монеталар сатылымға шығады

Ұлттық Банк, Александр Македонский, коллекциялық монета , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2025 13:49 Сурет: ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметі
Қазақстан теңге сарайында жасалып шыққан Александр Македонскийге арналған коллекциялық монеталар 2025 жылғы 29 шілдеден бастап сатылымға шығарылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, " ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталары Ұлы қолбасшылар" сериясынан тұрады. 

"Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі  38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2000 (екі мың) дана", делінген хабарламада.

Монета, Александр Македонский, Ұлы қолбасшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2025 13:49

Сурет: ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметі

Коллекциялық монеталар Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.

Бұған дейін Ұлттық Банк "ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ" коллекциялық монеталарын айналымға шығарған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: