25 тамыздағы сауда-саттықта доллар бағамы төмендеді
Фото: Zakon.kz
Доллардың орташа өлшенген бағамы 535,99 теңгені құрап, 1,37 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы 6,65 теңгеге дейін (-0,04) төмендеді.
Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы таңғы саудада 74,95 теңгені құрады (+0,19).
Айырбастау пункттерінде доллар 535,3–537,7 теңгеге, еуро 625,5–629,5 теңгеге, рубль 6,55–6,67 теңгеге саудалануда.
Әлемдік мұнай бағасы 25 тамыздағы сауда-саттықта өсті.
Атап айтқанда, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 68,01 долларды құрап, кейін фьючерс құны 67,93 долларға дейін төмендеді.
Сонымен қатар, WTI маркалы мұнайдың қазан айындағы жеткізілімге арналған фьючерсінің бағасы барреліне 63,91 долларға жетті.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 537,34 теңге, еуроны – 623,05 теңге, рубльді – 6,65 теңге деңгейінде белгіледі.
Күннің алғашқы жартысындағы валююта бағамын мына жерден көре аласыз.