Сауда үйлерінде жалдау құнын жылына бір реттен артық өсіруге шектеу қойылмақ

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2025 жылғы 23 қыркүйекте үкіметтегі брифингте сауда үйлеріне жалдау ақысын жылына бір реттен жиі көтеруге тыйым салу жоспарлары туралы айтты., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 14:58 Сурет: primeminister.kz
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2025 жылғы 23 қыркүйекте үкіметтегі брифингте сауда үйлеріне жалдау ақысын жылына бір реттен жиі көтеруге тыйым салу жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер бұл норманың қашан күшіне енуі мүмкін екенін және кімдерге қатысты болатынын сұрады.

"Біз қазір шамамен 7 млн шаршы метр сауда алаңына әсер ететінін есептедік. Бұл норма жалдау ақысын негізсіз көтеруге, оны валюта бағамының өзгеруі сияқты түрлі себептермен байланыстыруға жол бермеуге бағытталған", – деді Арман Шаққалиев.

Оның айтуынша, аталған норма министрлік тарапынан дайындалған.

"Біз ірі сауда субъектілерімен жұмыс істеп, осы жаңа талаптың мәнін түсіндірдік. Бұл қадам сатушыларға, соның ішінде баға белгілеу кезінде де, әділ әрі ұзақ мерзімді жоспарлауды қамтамасыз ететін жақсы шара деп санаймыз", – деді министр.

Белгілі болғандай, қазір бұл түзетулер мемлекеттік органдар мен Әділет министрлігінде келісу рәсімінен өтуде.

"Барлық келісу рәсімдері аяқталған соң, біз оларды жариялаймыз. Бұл өзгерістер биылдың өзінде қабылдануы мүмкін", – деп түсіндірді кейіннен Сауда министрлігінің өкілдері.

Бұған дейін министр Арман Шаққалиев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімін азық-түлік ваучерлерімен алмастыру жоспары туралы айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: