Сауда министрлігі: Құс етінің бағасы бақылауда
Фото: Zakon.kz
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2025 жылғы 23 қыркүйекте үкіметтегі брифингте қазақстандықтарға құс еті бағасы қымбаттай ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистердің айтуынша, сиыр еті бағасының өсуіне байланысты қазақстандықтар құс етін көбірек сатып алуда. Осыған байланысты олар министрліктен құс еті бағасының алдағы уақыттағы болжамын сұрады.
"Иә, расымен де, біз құс етін тұтынудың өсіп жатқанын байқап отырмыз. Мен бірнеше рет айтып жүрмін, "тауар-алмастырғыш" деген ұғым бар. Яғни бір өнімнің бағасы қымбаттағанда, тұтынушы басқа өнімге ауысады", – деді Арман Шаққалиев.
Министрдің айтуынша, құс еті бағасында айтарлықтай құбылмалылық күтілмейді.
"Тамыз айында құс еті бағасының өсімі 1% болды. Сондықтан бағаның қатты қымбаттауын күтпейміз", – деп сендірді Сауда министрлігінің басшысы.
23 қыркүйекте Арман Шаққалиев азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы да баяндаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript