Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жұмыртқа мен құс етінің тапшылығы бола ма

Қазақстандықтар жұмыртқа мен құс етінің тапшылығына тап болып жатыр ма?, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2024 13:55 Сурет: Zakon.kz
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 16 қаңтарда өткен үкімет брифингінде қазақстандықтар жұмыртқа мен құс етінің тапшылығын күту керек пе, деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Арман Шаққалиев елімізде жұмыртқа бағасы өскенін мойындады.


"Шынымен де, жұмыртқаның бағасы көтерілді, біз оны жасырмаймыз. Біз шамамен 2,5% өсім көріп отырмыз. Атап өту керек бұл маусымға байланысты, мысалы қыста тұтынуымыз үнемі артады. Сәйкесінше, баға көтеріледі. Ал жазда (жұмыртқа бағасы – ред.) құлдырап жатады. Бізде бағаның айтарлықтай ауытқуы бар – 30-40%-ға төмендеу бар. Қауіпсіздікке келетін болсақ – біз өзімізді өзіміз толық қамтамасыз етеміз. Отандық өнімнің Ресей Федерациясына ағыны байқалмайды", - деді Арман Шаққалиев.

Министрдің айтуынша, жұмыртқаны басқа елдерден сатып алуға бағытталған шаралар Ресейде де қолға алынған.

"Сондықтан біз ішкі нарықта өнімнің толып кетуіне және тапшылығына байланысты ешқандай қауіп-қатерді көріп тұрған жоқпыз... Жұмыртқаға қатысты жағдай бақылауда деуге болады, бізде жұмыртқа тапшылығы болмайтынын түсінеміз. Ең бастысы - баға, сондықтан мұндай шарықтау динамикасы болмайды. Құс етіне келетін болсақ, бізде импортқа тәуелділік бар, бірақ біздің нарыққа келетін ағындар әртараптандырылған. Яғни, импорттың бір бағыты қысқарса, басқа бағыттағы импортты ауыстырып, алмастыруға мүмкіндігіміз бар.Сондықтан сөрелерде жұмыртқа мен құс еті болады деп сенімді айта аламыз", - деп түйіндеді сөзін Сауда министрлігінің басшысы.

16 желтоқсанда Арман Шаққалиев Қазақстандағы азық-түлік пен дәмхана бағасы неліктен онсыз да еуропалық бағамен теңеседі деген сұраққа да жауап берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: