Дүкен сөрелерінде өндірушілердің арзан тауарлары пайда болады

Фрукты, овощи, овощной, продукты питания, продуктовый, минимаркет, супермаркет , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 16:10 Фото: freepik
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2025 жылғы 23 қыркүйекте Үкіметтегі брифингте Berеke Fest акциясы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Акция аясында сауда желілері қазақстандық өндірушілерге арнайы орын бөліп, өнімді нарықтағыдан төмен бағамен сатуға мүмкіндік береді.

"Бұл Magnum, Small, "Анвар", "Рамада" және басқа да сауда желілері. Олар әлеуметтік жауапкершілігін көрсетті, бұл – олардың бастамасы, ал біз қолдап отырмыз. Арнайы сөрелер бөлінеді, онда тікелей фермерлік жеткізілім екені көрсетіледі. Заңнамаға сәйкес үстемеақы 15%-дан аспайды. Бұл өндірушілер үшін тікелей қолжетімділік. Баға да қолжетімді болады деп күтеміз", – деді Шаққалиев.

Министрдің айтуынша, акция 25 қыркүйектен бастап жарияланады.

"Баға көлем мен ауқым әсеріне байланысты төмен болады", – деп толықтырды ол.


Бүгін біз ҚҚС мөлшерлемесінің көтерілуіне байланысты азық-түлік қаншалықты қымбаттайтыны туралы жаздық.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: